Пять мгновений случайностей, сингулярности, приключений

16 июня 2025

С 17 июня по 1 июля 2025 года Qazaq Ballet Creative Lab (QB CL), которая уже на протяжении восьми лет популяризирует и развивает разные аспекты хореографического искусства Казахстана, представит проект «Пять мгновений» — цикл рассказов известных казахстанских артистов балета о фотографиях.

 

 

В рассказах отразятся личные истории, состояния и воспоминания о том, что очень близко и дорого сердцу. Это не постановочные кадры, а искренние фрагменты жизни: фрагменты спектаклей, закулисные репетиции, встречи с наставниками, сцены повседневности — все, что оставило отпечаток в душе артиста. «Тогда я решил взять за путеводную нить моего нового анализа притягательность, которой обладали для меня некоторые фотографии», — писал известный французский философ, литературовед и театровед Ролан Барт.

 

Арт-менеджером инициативы QB CL выступила Ольга Шерер, студентка Казахской национальной консерватории имени Курмангазы. «Проект “Пять мгновений” для меня — это очень интересный и необычный способ самовыражения. Ведь моменты, которые мы решаем запечатлеть на фото, чаще всего являются частью нас самих, а в некоторых случаях и отражением нас. Мир людей очень интересен, все разные, все по-своему наполнены. Работая над проектом, ощущаю, что это — возможность глубже понять человека, особенно тех, кто представляет искусство страны, и может где-то в них найти себя», — говорит О. Шерер.

 

В проекте QB CL фотографии — это не просто сборник историй, а живая карта памяти, где каждая точка обозначает важный этап на творческом пути артиста. Это диалог между сценой и личным пространством, между искусством и внутренним миром. Через визуальные рассказы формируется особое пространство — откровенное и человечное, где личный опыт превращается в художественное высказывание. «Фотография представляет собой по сути своей, если так можно выразиться, случайность, сингулярность, приключение» (Барт).

 

 

В проекте приняли участие восемь представителей балетной сцены Казахстана — артисты и солисты Казахского национального театра оперы и балета имени Абая, Государственного академического театра танца Республики Казахстан, Астана Балет и Астана Опера.

 

«Пять мгновений» будут представлены во всех социальных сетях QB CL в виде отдельных постов с фотографиями и текстами в течение двух недель. Проект направлен на популяризацию балетного искусства и показывает любимых артистов балета с другой стороны, формируя эмоциональную связь между актером и зрителем.

 

Instagram @qazaqballet | Telegram @qazaqballet | Facebook @qazaqballetcreativelab

Справки по телефону: +7 777 188 86 26 (Ольга Шерер)


 

Кездейсоқ пен мүмкін еместің, оқиғалар мен үзілістердің бес мәңгілік сәті

 

2025 жылғы 17 маусым мен 1 шілде аралығында хореографиялық өнердің сан қырын насихаттап, дамытуда сегіз жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан Qazaq Ballet Creative Lab (QB CL) «Бес сәт» жобасын ұсынады — бұл жоба балет әртістерінің фотосуреттер арқылы баяндалатын жеке оқиғаларынан құралған цикл.

 

Бұл әңгімелерде әр әртіс үшін жүрекке жақын, жанына ыстық сәттер, күй кешулер мен естеліктер бейнеленеді. Бұл — арнайы қойылған емес, шынайы өмірдің үзінділері: қойылымдардан фрагменттер, сахна сыртындағы дайындықтар, тәлімгерлермен кездесулер мен күнделікті өмір көріністері — бәрі әртістің жан дүниесінде із қалдырған сәттер. Француз ойшылы, әдебиеттанушы әрі театр зерттеушісі Ролан Барт: «Мен өзіме ерекше әсер еткен фотолардың тартымдылығын негізге алып, жаңа бір талдауға кірістім», — деп жазған.

 

Жобаның арт-менеджері — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Ольга Шерер. Оның айтуынша: «“Бес сәт” — мен үшін өзіндік көркем тілде сөйлейтін ерекше әрі қызықты жоба. Біз суретке түсірген сәттер — көбіне өз болмысымыздың бөлшегі, кейде тіпті өзіміздің айнасы. Адам жаны — тұнып тұрған әлем. Барлығы әртүрлі, барлығы ерекше. Осы жобада мен өнер адамдарын жақыннан танып, олар арқылы өзіме де жаңа қырлар ашып жатқандаймын».

 

QB CL жобасындағы фотосуреттер — жай ғана естелік емес, әртістің шығармашылық жолындағы маңызды белестерді көрсететін «жанды жады картасы». Бұл — сахна мен жеке кеңістік арасындағы үнқатыс, өнер мен ішкі әлем арасындағы көпір. Осы визуалды әңгімелер арқылы ерекше кеңістік қалыптасады — ашық әрі шынайы, мұнда жеке тәжірибе көркем баяндауға айналады. «Фотография, егер олай айтуға болса, — тосын оқиға, бірегейлік, күтпеген жағдайдың өзі», — деген еді Барт.

 

Жобаға Қазақстанның балет сахнасын таныстыратын сегіз әртіс қатысты. Олар — Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының, Астана балет пен Астана Операның әртістері мен солистері.

 

«Бес сәт» жобасы Qazaq Ballet Creative Lab-тың барлық әлеуметтік желілерінде жеке посттар түрінде екі апта бойы жарияланады. Әр фотосуретпен қатар жүретін мәтіндер балет өнерінің көркем тұстарын көрсетіп қана қоймай, сүйікті әртістеріміздің жаңа қырын ашып, көрерменмен ерекше эмоционалды байланыс орнатады.

 

Instagram @qazaqballet | Telegram @qazaqballet | Facebook @qazaqballetcreativelab

Байланыс үшін: +7 777 188 86 26 (Ольга Шерер)

Вернуться назад