В Алматы представят книгу о композиторе Алмабеке Меирбекове

09 июня 2026

15 июня 2026 года в 11:00 в Казахской национальной консерватории имени Курмангазы состоится презентация книги «Алмабек Меирбеков. Когда музыка воплощается в танце», посвященной 70-летию со дня рождения одного из самобытных казахстанских композиторов второй половины XX века.

 

Произведения Алмабека Меирбекова звучали на сцене, в кино, на радио и телевидении в исполнении симфонического оркестра и оркестра народных инструментов, а песни исполняли Роза Рымбаева, Толкын Забирова и другие известные артисты и музыканты. Особое место в творчестве композитора занимает музыка для сцены — для балета, театра и хореографических постановок.

 

В книге, издающейся на казахском, русском и английском языках, впервые собраны материалы о сценической жизни музыки композитора. В издание вошли тексты Валерии Недлиной, Дамира Уразымбетова, Гульнары Гизатовой, Антона Сомова, Жанель Сафиевой и Гульнары Жумасеитовой, интервью с хореографами Майленом Тлеубаевым, Уалитбеком Сиязбеком и Аминой Самарбаевой, а также редкие фотографии и архивные материалы, многие из которых публикуются впервые. В статьях раскрывается творческая биография композитора и художественная среда Казахстана 1980–2000-х годов. Отдельные главы посвящены постановкам спектакля «Алдар Косе» в Казахском национальном театре оперы и балета имени Абая и Государственном театре танца «Наз».

 

Идея книги появилась еще в 2021 году и была поддержана семьей композитора. Большую работу по сохранению наследия Алмабека Меирбекова провел сын композитора Ерден Ордабек, занимавшийся поиском, восстановлением и оцифровкой партитур и нотных рукописей. Над изданием работала команда Qazaq Ballet Creative Lab. Автор проекта и главный редактор — Дамир Уразымбетов. Переводчики и корректоры: Светлана Орлова, Айберген Нуралы, Тогжан Молдалим, Гузель Нуримбетова. Арт-менеджер проекта Тогжан Молдалим. Дизайнер Гузель Нуримбетова.

 

Презентация пройдет в рамках юбилейных мероприятий, посвященных памяти композитора. Гостей вечера ждут встреча с авторами и участниками проекта, разговор о музыке и театре Казахстана, а также возможность первыми познакомиться с новым изданием.

 

 


 

Алматыда композитор Алмабек Мейірбек туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

 

2026 жылғы 15 маусымда сағат 11:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыка өнерінің көрнекті әрі өзіндік қолтаңбасы бар композиторларының бірі Алмабек Мейірбектің туғанына 70 жыл толуына арналған «Алмабек Мейірбек. Музыка би тіліне көшкенде» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

 

Алмабек Мейірбектің шығармалары симфониялық оркестр мен халық аспаптары оркестрінің орындауында сахнада, кино өнерінде, радио мен теледидар эфирінде кеңінен шырқалды. Оның әндерін Роза Рымбаева, Толқын Забирова және басқа да белгілі өнер қайраткерлері мен музыканттар орындады. Композитор шығармашылығында балетке, театрға және хореографиялық қойылымдарға арналған сахналық музыка ерекше орын алады.

 

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп отырған бұл кітапта алғаш рет композитор музыкасының сахналық өміріне қатысты материалдар топтастырылған. Басылымға Валерия Недлина, Дамир Оразымбет, Гүлнар Ғизат, Антон Сомов, Жанель Сафи және Гүлнара Жұмасейітованың мақалалары, хореографтар Майлен Тілеубай, Уәлитбек Сиязбек және Амина Самарбаевамен жүргізілген сұхбаттар, сондай-ақ сирек фотосуреттер мен архивтік материалдар енген. Олардың көпшілігі алғаш рет жарияланып отыр. Мақалаларда композитордың шығармашылық өмір жолы мен 1980–2000 жылдардағы Қазақстанның көркемдік-мәдени ортасы жан-жақты ашып көрсетіледі. Кітаптың жекелеген тараулары «Алдар Көсе» спектаклінің Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры мен «Наз» Мемлекеттік би театры сахналарындағы қойылымдарына арналған.

 

Кітаптың идеясы 2021 жылы пайда болып, композитордың отбасы тарапынан қолдау тапты. Алмабек Мейірбектің шығармашылық мұрасын жүйелеу мен сақтауда оның ұлы Ерден Ордабектің еңбегі ерекше. Ол композитордың партитуралары мен ноталық қолжазбаларын жинақтап, оларды қалпына келтіру және цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізді. Басылымды дайындауға Qazaq Ballet Creative Lab ұжымы қатысты. Жобаның авторы және бас редакторы — Дамир Оразымбет. Аудармашылар мен корректорлар: Светлана Орлова, Айберген Нұралы, Тоғжан Молдалім және Гүзел Нұрымбет. Жобаның арт-менеджері — Тоғжан Молдалім. Басылымның дизайнері — Гүзел Нұрымбет.

 

Кітаптың тұсаукесері композитордың 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында өтеді. Кеш қонақтарын жоба авторлары мен қатысушыларымен кездесу, Қазақстанның музыка және театр өнері жайындағы мазмұнды әңгіме, сондай-ақ жаңа басылыммен алғашқылардың бірі болып танысу мүмкіндігі күтеді.

 

 


 

Almaty to Host Presentation of a New Book on Composer Almabek Meirbekov

 

On 15 June 2026 at 11:00, the Kurmangazy Kazakh National Conservatory will host the presentation of the book Almabek Meirbekov. When Music Comes Alive in Dance, published to mark the 70th anniversary of the birth of one of Kazakhstan’s most distinctive composers of the second half of the twentieth century.

 

The music of Almabek Meirbekov was performed on stage, in cinema, on radio and television by symphony orchestras and folk instrument ensembles, while his songs were interpreted by celebrated artists and musicians including Roza Rymbayeva and Tolkyn Zabirova. A particularly significant part of the composer’s legacy is his work for the stage, including music for ballet, theatre and choreographic productions.

 

Published in Kazakh, Russian and English, the book brings together for the first time materials dedicated to the stage life of the composer’s music. The volume includes texts by Valeriya Nedlina, Damir Urazymbetov, Gulnara Gizatova, Anton Somov, Zhanel Safiyeva and Gulnara Jumasseitova, interviews with choreographers Mailen Tleubayev, Ualitbek Siyazbek and Amina Samarbayeva, as well as rare photographs and archival materials, many of which are published for the first time. The articles explore the composer’s creative biography alongside the artistic environment of Kazakhstan from the 1980s to the 2000s. Separate chapters are devoted to productions of Aldar Kose at the Abai Kazakh National Opera and Ballet Theatre and the Naz State Dance Theatre.

 

The idea for the publication first emerged in 2021 and was supported by the composer’s family. Significant work on preserving Almabek Meirbekov’s legacy was carried out by the composer’s son, Yerden Ordabek, who worked on locating, restoring and digitising scores and manuscript materials. The publication was prepared by the team of Qazaq Ballet Creative Lab. The project’s author and editor-in-chief is Damir Urazymbetov. Translators and proofreaders: Svetlana Orlova, Aibergen Nuraly, Togzhan Moldalim and Guzel Nurimbetova. Project art manager: Togzhan Moldalim. Designer: Guzel Nurimbetova.

 

The presentation will take place as part of the anniversary events dedicated to the composer’s memory. Guests will have the opportunity to meet the authors and contributors to the project, join a discussion on music and theatre in Kazakhstan, and be among the first to discover the new publication.

 

Вернуться назад